
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Габдушев Нұрлан Баймұратұлының төрағалығымен «Конституциялық реформалар жағдайында білім беру жүйесіндегі адам құқықтарын қорғау тетіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру және білім беру жүйесіндегі адам құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге Абай облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері, Абай облысы бойынша білім беру ұйымдары жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, сондай-ақ ардагер ұстаздар қатысты.
Жиын барысында конституциялық реформалардың мазмұны мен маңызы, педагогтердің құқықтарын қорғау және олардың мәртебесін арттыру мәселелері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, азаматтардың оның ішінде, педагогтердің құқықтарын қамтамасыз ету және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктері талқыланды.
Жаңа Конституция жобасы аясында педагогтердің құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылып, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, кәсіби қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу, еңбек ету бостандығы мен әділ еңбек жағдайларына конституциялық кепілдіктерді нығайту мәселелері атап өтілді.
Жиын соңында қатысушылар Конституцияның жаңа жобасы аясындағы бастамаларға қатысты пікір алмасып, реформаларды қолдайтындарын білдірді.