Білім беру саласында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және адам құқықтарын қорғаудағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің рөлі

Білім беру саласында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және адам құқықтарын қорғаудағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің рөлі

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Габдушев Нұрлан Баймұратұлының төрағалығымен «Білім беру саласында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және адам құқықтарын қорғаудағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің рөлі» тақырыбында жиналыс өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Жиынға Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің және білім беру ұйымдарының жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қатысты.

Шара барысында Конституциялық реформаның маңызы, педагогтердің құқықтарының қорғалуы және педагог мәртебесін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, заңмен кепілдендірілген құқықтар мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктері туралы жан-жақты талқыланды. Жиын ашық диалог форматында ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, бастаманы қолдайтындарын жеткізді.