
Аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен аппараттық кеңес өтті. Кеңестің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
– сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдары;
– лицензиясыз қызмет көрсететін білім беру ұйымдары.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат басқармасының басшысы У.Н. Курамаев Әдеп кодексін сақтау мемлекеттік қызметшінің кәсіби әдеп нормалары мен мінез-құлық стандарттарын қатаң ұстануының негізі екенін атап өтті. Осыған байланысты әрбір қызметкер өз қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқаруы тиіс екені айтылды.
Сонымен қатар Комитет төрағасы С.К. Әшіров білім беру саласында лицензиясыз қызмет атқарып жатқан жекеменшік мектептерді анықтау және оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша тиісті жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырма берді.