
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінде министр Жұлдыз Сүлейменованың төрағалығымен Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қызметкерлері мен оның аумақтық департаменттерінің басшыларының қатысуымен кеңес өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты мемлекеттік бақылау, лицензиялау, жекеменшік және қосымша білім беру ұйымдарының қызметі, сондай-ақ «Келешек мектептері» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша өзекті сұрақтарды талқылау болды.
Кеңесті аша отырып, министр білім беру жүйесінің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін стратегиялық маңызды сала екенін атап өтті. Ол басқарушылық шешімдердің жоғары сапасын қамтамасыз ету, заңнаманы сақтау және Комитет пен аумақтық бөлімшелер арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қалыптастыру қажеттігін ерекше атап өтті.
Кеңес барысында комитет төрағасы Серік Әшірұлының, Комитет қызметкерлерінің, сондай-ақ Астана, Алматы қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының және басқа да өңірлердің аумақтық департамент басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Талқыланған тақырыптар қатарында жекеменшік мектептердің қызметі, лицензиялау мәселелері, өткен кезеңдегі мемлекеттік бақылау нәтижелері, қосымша білім беру ұйымдарының қызметі және басқа да мәселелер болды.
Талқылау қорытындысы бойынша министр Жұлдыз Сүлейменова білім беру ұйымдарының қызметінің заңдылығын қатаң бақылау және профилактикалық шараларды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді. Кеңес соңында барлық қатысушыларға атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтып, алдағы қызметтеріне табыс тіледі.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.