TIMSS-2023 және ICILS-2023 тест тапсырмаларының жинағына шолу бойынша вебинар өтті

TIMSS-2023 және ICILS-2023 тест тапсырмаларының жинағына шолу бойынша вебинар өтті

2025 жылғы 12 желтоқсанда А. Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы жаратылыстану-математикалық циклі және информатика пәндері бағытындағы әдіскерлеріне құпиялылық режимінен шыққан TIMSS-2023 және ICILS-2023 тест тапсырмаларының жинақтарын, сонымен қатар ICILS Teacher snippet әдістемелік материалын таныстыру бойынша вебинарлар өткізді.

ICILS зерттеуі — білім алушылардың цифрлық сауаттылығын бағалайтын әлемдегі жалғыз халықаралық ауқымды зерттеу.

TIMSS зерттеуі — 4 және 8 сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану-ғылыми білім беру сапасын бағалайтын ауқымды халықаралық зерттеу.

Вебинарлардың мақсаты — әдіскерлерді TIMSS және ICILS тест тапсырмаларымен таныстыру, білім алушылардың жиі жіберетін қателіктерін қарастыру және әдіскерлер мен оқытушылар тарапынан ерекше назар аударуды талап ететін тақырыптарды талдау.

Вебинар барысында қатысушылар құпиялылық режимінен шыққан TIMSS-2023 және ICILS-2023 тапсырмаларын талдап, қазақстандық білім алушылардың бұл тапсырмаларды қалай орындағанын талқылады.