Қазақстанда үздіксіз білім беруді дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Қазақстанда үздіксіз білім беруді дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

ҚР «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында кезекті жұмыс кеңесі өтті. Оған ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің,  Мектепке дейінгі білім беру департаментінің, Үздіксіз білім беру қауымдастығының және мектепке дейінгі жеке ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Комитет төрағасы Серік Аширов мұндай тұрақты талқылаулар нормаларды нақтылауға ғана емес, өңірлердегі мамандар кездесетін шынайы мәселелерді тереңірек түсінуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, тікелей кері байланыс – азаматтарға түсінікті және қолайлы реттеуді қалыптастыруға мүмкіндік беретін негізгі құралдардың бірі.

Қатысушылар әрбір біліктілік критерийі бойынша талаптарды егжей-тегжейлі талдап, қажетті құжаттар мен тәжірибеде жиі туындайтын ситуациялық мәселелерді талқылады.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр — мұндай кездесулер білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешуге арналған тұрақты форматқа айналып келеді.