
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Академиялық адалдық лигасының «Адал білім – адал ұрпақ» республикалық форумының аясында панельдік секция өткізді. Секция орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде академиялық адалдықты нығайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелеріне арналды.
Секцияны ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров модератор ретінде жүргізді.
Секция барысында келесі спикерлер баяндамалар жасады:
Е. Жақсылықов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Бюракратиядан арылту және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу департаментінің басқарма басшысы;
Б. Мунбаев, Астана қаласы әкімдігінің №82 «Дарын» мамандырылған лицейінің директоры;
А. Асаубаева, «Talap» КЕАҚ ТжКБ мазмұны басқармасының бас менеджері.
Спикерлер академиялық адалдықты қамтамасыз ету бойынша практикалық тәсілдерді ұсынды: құқық бұзушылықтардың алдын алу, ашық әрі айқын рәсімдерді дамыту, қауіпсіз этикалық ортаны қалыптастыру және жасанды интеллектті қоса алғанда цифрлық құралдарды жауапты түрде пайдалану.
Академиялық адалдықты нығайту білім сапасын арттырудың, бағалау жүйесіне деген сенімді күшейтудің және білім алушыларда берік этикалық құндылықтарды қалыптастырудың маңызды тетігі екені атап өтілді.
Комитет білім беру ұйымдарында академиялық адалдық мәдениетін дамыту және процестердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысын жалғастырады.