
2025 жылғы 29–30 қазан күндері Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті «Келешек мектептеріне аккредиттеуден өту мүмкіндіктері мен кезеңдері» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – келешек мектептеріне аккредиттеу рәсімінен өту тәртібі мен талаптары туралы ақпарат беру, сондай-ақ мектептер мен аккредиттеу органдары арасында тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру болды.
Семинарға аккредиттеу органдарының өкілдері, келешек мектептерінің директорлары мен директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинар барысында аккредиттеу рәсімінің кезеңдері мен талаптары таныстырылып, мектептерде сапа мәдениетін қалыптастыру және аккредиттеу процесіне жүйелі дайындық мәселелері талқыланды.
Қатысушылар ұсынылған ақпарат пен тәжірибе келешек мектептерінің білім сапасын арттыруға және жобаны тиімді іске асыруға ықпал ететініне сенім білдірді.