
Серік Әшіровтің төрағалығымен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мамандары, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ-ның және Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері басшыларының қатысуымен білім жүйесін дамыту және ақпараттық өзара әрекеттестік мәселелері бойынша кеңес өтті.
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ-ның Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаментінің бас талдаушысы Мөлдір Тәжібекова «Қазақстандағы «мектептерге арналған PISA» зерттеуі: басшылық пен есептерді түсіндіру» тақырыбы бойынша түсініктемелермен бөлісті. Ол зерттеу нәтижелері мектептердің мықты тұстарын және даму нүктелерін көруге, сондай-ақ халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, оқу сапасын арттыруға қалай көмектесетінін атап өтті.
Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы Набира Марбанова БАҚ-тағы резонанстық жағдайлардың алдын алу шаралары және педагог мәртебесін сақтау мәселелеріне тоқталды. Педагог еңбегінің қоғамда оң қабылдануын қалыптастыру және педагогтерге артық қысым немесе жауапкершілікті жүктемеу маңызды екені айтылды.
Сонымен қатар Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру мен тиімділігін арттыруға бағытталған ағымдағы жұмыс мәселелері қаралды.
Кеңес барысында білім сапасын дамыту міндеттерін жүзеге асыруда жүйелі тәсіл мен ашық диалогтың маңызы атап өтілді.