Білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы мамандарға арналған «ТСОБТ және ӘІБТ жүйелерімен жұмыс істеудің практикалық аспектілері» тақырыбындағы семинар-кеңес

Білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы мамандарға арналған «ТСОБТ және ӘІБТ жүйелерімен жұмыс істеудің практикалық аспектілері» тақырыбындағы семинар-кеңес

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында кәсіпкерлік субъектілеріне заңсыз тексерулер жүргізуге жол бермеу мәселелері, сондай-ақ ТСОБТ (тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі) және ӘІБТ (әкімшілік істердің бірыңғай тізілімі) жүйелерінің жаңартылған функционалы бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – бақылау рәсімдерінің ашықтығы мен заңдылығын арттыру, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру және мемлекеттік бақылау саласында цифрлық құралдарды дамыту болды.

Семинарға Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитетінің қызметкерлері мен аумақтық департаменттердің басшылары қатысты.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің Әскери департаменті бөлімінің прокуроры Мұқатаев Тлеген Төлегенұлы жаңартылған жүйелердегі өзгерістер, өзара іс-қимылдың ерекшеліктері және құқық қолдану тәжірибесінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа құралдар туралы егжей-тегжейлі түсіндірме берді.

Қатысушылар ТСОБТ және ӘІБТ жүйелерінің жаңартылған функционалын пайдалану бойынша практикалық түсіндірмелер алып, тексеру жүргізуге қатысты өзекті мәселелерді талқылады және цифрлық шешімдерді қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Бұл іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асырудағы маңызды қадам болып, құқықтық тәртіпті нығайтуға, ашықтықты арттыруға және білім беру сапасын қамтамасыз ететін органдардың қызметінің тиімділігін жетілдіруге бағытталды.

"Заң және тәртіп"