Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аппараттық отырысы өтті

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аппараттық отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіровтің төрағалығымен аумақтық департаменттердің басшыларымен аппараттық кеңес өткізілді.

Кеңес барысында мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып табылатын білім сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы Айдана Шилибекова педагогтер мен білім беру ұйымдары басшыларының қызметінің тиімділігін бағалау рейтингісін жүргізу әдістемесін таныстырды. Рейтинг жүйесі тек нәтижелерді тіркеуге ғана емес, педагогтердің мықты тұстарын айқындап, үздік тәжірибелерді таратуға және олардың кәсіби өсуін ынталандыру арқылы оқыту сапасы мен мектепті басқару тиімділігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді.

Сонымен қатар, Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Калмаков «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Бағдарлама білім беру процесінің сапасын арттырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын оқушылардың адалдық, азаматтық жауапкершілігі мен патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

Кеңес қорытындысы бойынша аумақтық департаменттерге ұсыныстарды тәжірибеге енгізу, педагогикалық әлеуетті дамыту және білім сапасын одан әрі арттыру бойынша тапсырмалар берілді.