Осы аптада Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров аумақтық департаменттердің басшыларының қатысуымен онлайн-жиналыс өткізді.
Жиналыс барысында өңірлердегі білім беру саласына қатысты кең ауқымды мәселелер қаралды. Әсіресе жергілікті жерлерде жедел шешімді қажет ететін мәселелерге ерекше назар аударылды.
Өз сөзінде Серік Әшіров жұмыс жүйесінің тиімділігі көбіне туындайтын сын-қатерлерге жедел әрекет етуге және басқарудың барлық деңгейлері арасындағы үйлесімді өзара іс-қимылға байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ ол өңірлерде көтерілетін мәселелердің уақытылы шешілуі және азаматтармен кері байланыстың ашық әрі нәтижелі болуы үшін күш-жігерді шоғырландырудың маңыздылығын жеткізді.
Басты міндет – проблемалық мәселелерді анықтап қана қоймай, оларды жедел түрде тәжірбиелі тұрғыданда шешу. Ол үшін Комитет пен аумақтық бөлімшелердің жұмысы барынша үйлестірілген әрі жүйелі болуы маңызды», – деп атап өтті Төраға.
Кеңес қорытындысы бойынша азаматтардың өтініштерімен жұмыстың тиімділігін арттыруға, білім беру ұйымдарымен әріптестікті нығайтуға және қызметтің ашықтығын одан әрі дамытуға бағытталған нақты ұсынымдар аумақтық департаменттерге берілді.
Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.