Бүгін Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы
Серік Әшіров Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығына (бұдан әрі – Талдау) барып, Талдаудың қызметімен және ағымдағы жобаларымен танысты.
Кездесу барысында басқарушылық шешімдерді қабылдау тиімділігін арттыру үшін талдамалық инфрақұрылымды дамыту маңыздылығы атап өтілді, сондай-ақ жұмыстың басым бағыттары белгіленді.
Екі тарап ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде білім беру саласында талдамалық қолдаудың сапасын арттыру саласына қызығушылық танытты. Халықаралық зерттеулердің деректерін аймақтық деңгейде практикалық қолдану үшін интерпретациялау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл алынған ақпаратты дәлірек және тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, өз кезегінде зерттеу нәтижелерін аймақтық саясат пен жоспарлауда тиімді қолдануға жағдай жасайды.