Бүгін Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Кеңесұлы Әшіров Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығында жұмыс сапарымен болды

Бүгін Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Кеңесұлы Әшіров Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығында жұмыс сапарымен болды

Бүгін Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Әшіров Серік Кенесұлы Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығына (бұдан әрі – Орталық) барып, Орталықтың қызметімен танысты және болашақтағы міндеттерін талқылады.

Кездесу барысында Орталық директоры Назира Қабдоллақызы Әбдірахманова ұйымның қызметіне шолу жасап, бір жыл ішінде атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ Серік Кенесұлы Орталық қызметкерлерімен жұмыс кеңесін өткізіп, онда ағымдағы мәселелер мен алдағы жоспарлар талқыланды.

Кеңесті түйіндей келе, Серік Кенесұлы Орталықтың білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесіндегі маңызды рөлін атап өтіп, ұжым мүшелерін Орталықтың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.