«БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» атты республикалық тамыз конференциясының аясында бүгін «Жасанды интеллект (ЖИ) дәуіріндегі дағдылар: халықаралық зерттеулер білім саясаты мен тәжірибесіне бағдар ретінде» атты панельдік секциясы өтті.
Секция барысында PISA және ICILS халықаралық зерттеулері аясында ЖИ қарқынды дамыған дәуірде қажетті негізгі дағдылар және оларды ұлттық білім беру саясатына енгізудің ықтимал тәсілдері талқыланды.
Педагогтер информатика, қазақ тілі мен әдебиеті, сондай-ақ тарих пәндерінде ЖИ қолдана отырып, оқыту мен білім беру үдерісін жаңғыртуға қатысты өз тәжірибелерін ұсынды. Талқылау барысында қазақстандық мектептерде қолданылатын цифрлық құралдар да көрсетілді.
Панельдік секция цифрлық трансформация жағдайында білім алушыларды өмірге және еңбекке даярлау бойынша тәжірибе алмасу мен тиімді шешімдерді іздеу алаңына айналды.
Секция жұмысына ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің өкілдері, сондай-ақ аудандық және қалалық білім бөлімдерінің меңгерушілері қатысты.