Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитеті төрағасының орынбасары Ш.Акпарова Ақтөбе облысына іссапармен барып, өңірдің жаңа оқу жылына дайындық деңгейімен танысты.
Іссапар барысында өңірдегі жаңадан салынып жатқан мектептер мен білім беру нысандарының құрылыс барысы, күрделі жөндеу және реновация жұмыстары, кадрлық қамтамасыз ету және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері мұқият қаралды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының оқу жылына дайындығы жан-жақты пысықталды.
Бұл шаралар өңірде сапалы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға, сондай-ақ білім беру саласындағы қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Акпарова Шынар Қуанышқызы білім саласындағы жұмыстың сапасын әрі қарай жетілдіру мен жаңғыртуға баса мән беруді тапсырды.