Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров төрағалық қызмет аясындағы алғашқы өңірлік жұмыс сапарын Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан бастады.

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров төрағалық қызмет аясындағы алғашқы өңірлік жұмыс сапарын Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан бастады.

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы төрағалық қызмет аясындағы алғашқы өңірлік жұмыс сапарын Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан бастады.
Комитет төрағасы өңірлердегі балабақшалар, мектептер, колледждер мен жатақханаларды, сондай-ақ «Келешек мектебі» аясында салынған мектептерді аралап, жаңа оқу жылына дайындығымен танысты.
Сонымен қатар облыстардың білім басқармалары, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің, және білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесулер ұйымдастырылып, білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Іссапар соңында Серік Кеңесұлы облыс әкімі орынбасарларының қабылдауында болды. Қабылдау барысында жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру ұйымдарында барлық бағыттар бойынша жүйелі және нақты жұмыстар жүргізілуі тиіс екенін, басты міндет – оқушылар үшін қауіпсіз, қолайлы және сапалы білім беру ортасын қамтамасыз ету екенін атап өтті.