Педагог құқықтарын бұзу фактілері бойынша қолданылған шаралар туралы

Педагог құқықтарын бұзу фактілері бойынша қолданылған шаралар туралы

   Педагогтардың қызметіне жатпайтын жұмысқа тарту туралы арыз-шағымдар ҚР БҒМ  аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің бақылауында.

Соңғы айларда педагогтардың құқықтарын қорғау фактілері бойынша әкімшілік істер қозғалып, мына лауазымды тұлғаларға қатысты:

  • Ақтөбе облысы Ырғыз ОМ, Қарағанды облысы Балқаш қаласы ОМ, Талғар ауданы № 1 мектеп-лицейінің директорларына, Жамбыл облысы Талас ауданы М. Жұмабаев атындағы ОМ директоры мен оның орынбасарына, сондай-ақ Қарағанды қ. бөбекжай-бақшасының директорына мектептерді жөндеу жұмыстарына, жууға, оқу кабинеттерін жинауға мұғалімдерді тартқандары үшін;
  • Шымкент қ. керең балаларға арналған № 1 мектеп-интернетының директорына, Жамбыл облысы Т. Рысқұлов атындағы ОМ директоры мен оның орынбасарына педагогтардан артық есеп талап еткендері үшін әкімшілік шаралар қолданылды.

Сонымен қатар педагогтар арасында өзара құрметтемеушілік фактілері бар. Қарағанды облысының Департаменті Бұхар Жырау Шешенқара ОМ педагогына басқа мектептің педагогына құрметпен қарамағаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.