Мектеп әкімшілігінің мұғалімдерді мерзімді баспа басылымдарына жазылуға мәжбүрлеу іс-әрекеттері заңды ма?

Мектеп әкімшілігінің мұғалімдерді мерзімді баспа басылымдарына жазылуға мәжбүрлеу іс-әрекеттері заңды ма?

Мұғалімдерді газет-журналдарға жазылуға мәжбүрлеуге ешкімнің құқығы жоқ. Бұл орайда белгілі бір баспаны алға тартып, мұғалімдерді еркінен тыс жазылуға итермелеуге жол берілмейді.

Бұл дегеніміз, мұғалімдер газет-журналдар оқымасын деген сөз емес. Педагог қажеттілігіне байланысты өзін қызықтыратын баспаларға ерікті түрде жазылып, ондағы ақпаратты кәсіби шыңдалуына бағыттағаны, оқу процесінде пайдаланғаны, ізденгені дұрыс.

Сізді газет-журналдарға күштеп жаздыру фактісі болған жағдайда жергілікті Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне хабарласуды сұраймыз.