«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жоғарыда аталған міндеттерді жүктеу түрінде жасалған бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының осы талабының орындалуын қадағалау аумақтық Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің құзыретіне кіреді.