«Жайлы мектеп»– білім саласындағы сәтті жоба!

«Жайлы мектеп»– білім саласындағы сәтті жоба!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы – еліміздің білім беру жүйесінжаңғыртудағы маңызды, әрі сәтті қадам.

Оқу-ағарту министрлігінің тікелей үйлестіруімен жүзеге асырылып жатқан жобаның басты мақсаты – барлық оқушыға сапалы және заманауи білім алуға жағдайжасау. Биылғы жылы 460 мың орындық 217 жайлы мектеп салу жоспарланған.

Заманауи мектеп тек сабақ оқитын орын ғана емес, баланың өмір сүру ортасына айналуы тиіс. Жайлы мектептерде осы талаптар ескерілген. Бұл мектептерге кірсеңіз,жайлылық бірден сезіледі. Дәстүрлі мектептермен салыстырғанда 15-20%-ға кең, техникалық жарақтануы жақсырақ. Мұнда баланың жан-жақты дамуына жағдай жасалған.

Ғылымға құмар болса – STEM-зертхана, технологияға әуес болса –
робототехника, шығармашылық қа қызықса – хореография, музыка, коворкинг аймақтары дайын. Ойын мен дене дамуына арналған бірнеше спорт залы мен ашық алаңдары да бар.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке санитарлық бөлмелер мен кең кабинеттер қарастырылған. Сонымен қатар мектептерде жеделсаты, пандустар, арнайы белгілер, психолог, логопед және дефектолог кабинеттері бар.

Жайлы мектептерден оқушылар мен педагогтер үшін демалыс аймақтарын көруге болады. Мұнда жұмсақ жиһаздар, кітаптар, музыкалық аспаптар мен үстел ойындары қойылған.

Жайлы мектептерде жинақталған үздік тәжірибелер алдағы уақытта еліміздегі барлық мектептерге таратылады. «Жайлы мектеп» – бұл баланың ертеңіне жасалған нақты қадам.