Қаратөбе және Сырым аудандық білім беру бөлімдерімен өткізілген кеңес туралы
2025 жылдың 25 сәуір күні Департаменттің бекітілген жоспарына сәйкес білім беру саласындағы мәселелерді талқылау мақсатында аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері басшыларымен кеңес өткізілді.
Кеңес барысында Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б. Гарапшиев, Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ә. Жамбылов өз аудандарындағы білім беру саласындағы мәселелерді шешу бағытындағы есептерін ұсынды.
Аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары:
- білім беру ұйымдарында өзін-өзі бағалау жұмыстарын жүргізу,
- басшылардың сапалық құрамын жетілдіру,
- білім сапасын арттыру бағытындағы атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.
Кеңесті қорытындылай келе, Департамент басшысы З. Гумарова:
- білім беру ұйымдарындағы жалпы ахуалды жақсарту,
- балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
- білім сапасын арттыруға қатысты
тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берді.