
2025 жылдың 14 сәуірінде департамент басшысы З. Гумарова Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссия отырысында департаменттің атқарған жұмысы туралы есеп берді.
Өз баяндамасында З. Гумарова 2024–2025 жылдары білім беру саласында жүргізілген мемлекеттік бақылау мен мониторингтің қорытындыларына тоқталып, саладағы өзекті мәселелерге назар аударды. Атап айтқанда:
- Білім беру ұйымдардағы қауіпсіздік шаралары;
- Білім беру ұйымдарының инфрақұрылымы;
- Санитарлық талаптардың сақталуы;
- Оқушыларға қолайлы оқу жағдайларын жасау;
- Білім сапасын арттыру мәселелері кеңінен талқыланып, нақты ұсыныстар айтылды.
Отырыста депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, департамент басшысы тиісті жауаптар берді.