Департаменттің аппараттық кеңесінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖМБС) жобасы қаралды.
Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аппараттық кеңесінде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Р.Қаратабанов стандарттың ерекшеліктерімен таныстырып өткен болатын.
Жаңа МЖМБС жобасын жасақтауда сараптамалық, педагогикалық қауымдастықтардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен талқыланулар ұйымдастырылды.
МЖМБС апробациясы 2025-2026 оқу жылында басталып, толық іске асыру 2026-2027 жылға жоспарланған.
Кеңесте бастауыш және орта білім беру сапасын арттыру, негізгі ережелерді өзектендіру мақсатында әзірленген МЖМБС жобасының ерекшеліктері туралы баяндалды.