2023 жылдың ІІ жартыжылдығында бекітілген тізімге сәйкес 80 білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізіледі: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары-30, бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру ұйымдары-50.
Мемлекеттік аттестаттау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес профилактикалық бақылау арқылы бес жылда бір рет жүргізіледі.
Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай қорытындылардың бірі беріледі:
1) білім беру ұйымының білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына толық сәйкес келген жағдайда, аттестатталды;
2) білім беру ұйымының білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, аттестатталмады.
Бұзушылықтар жойылмаған немесе белгіленген мерзімде есеп ұсынылмаған жағдайда білім беру ұйымы аттестатталмады деп есептеледі, бұл бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін негіз болып табылады.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 4-1-тармағына сәйкес білім беру ұйымдары жыл сайын білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүргізеді. Өзін-өзі бағалау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары» бойынша жүзеге асырылады.