ТжКББ ҰЙЫМДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ТжКББ ҰЙЫМДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысының “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік сұрақтар бойынша комитетінің отырысында жеке колледждерді мемлекеттік аттестаттау қорытындысы қаралды.

Комитет мүшелерінің және жеке колледждер басшыларының қатысуымен өткізілген отырыста ҚР “Білім туралы туралы” Заңына сәйкес және Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығының талаптары түсіндірілді.

2022 жылы барлығы 20 колледжге жүргізіліп (16-мемлекеттік, 4-жеке), барлығы аттестатталмады. Мемлекеттік аттестация жүргізіп отырған комиссия тарапынан көрсетілген әдістемелік көмектің нәтижесінде кемшіліктерді жойып, бүгінгі таңда 18 колледж (14-мемлекеттік, 2-жеке) колледж қайта аттестаттаудан өтті.

2023 жылы 10 колледж (6-мемлекеттік, 4-жеке) жоспарланып, жүргізілді. Нәтижесінде барлығы аттестатталмады. Себебі: стандарт талаптарының сақталмауы. Белгіленген мерзімде қайта аттестаттау жүргізілетін болады.

Қатысушыларға ереже талаптары нақты түсіндіріліп, әр колледждің не себепті өтпегені нақты көрсетілді.