Тексерулер мен әкімшілік істерді цифрлық есепке алу мәселелері бойынша семинар өтті

Тексерулер мен әкімшілік істерді цифрлық есепке алу мәселелері бойынша семинар өтті
24 сәуірде Қазақстан Республикасы Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті тексерулер мен әкімшілік істерді цифрлық есепке алу мәселелері бойынша семинар ұйымдастырды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті өкілдері қатысты. Семинар барысында тексерулерді Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімінде тіркеу тәртібі, сондай-ақ әкімшілік істер материалдарын Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне енгізу және рәсімдеу мәселелері түсіндірілді.
Комитет төрағасы Серік Аширов аталған бағыттардың аумақтық департаменттер қызметіндегі маңыздылығын атап өтті.