
2026 жылдың 10 сәуір күні Орал қаласында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік және жеке білім беру ұйымдары басшыларымен 2027 жылы басталатын лицензиялау жұмыстарын түсіндіру бағытындағы кеңес өтті.
Кеңесте департамент басшы З.Гумарова мен білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы С.Жумагереев "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 27 қарашадағы № 268 бұйрығы талаптарын түсіндіріп, сұрақтарға жауаптар берді.