Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының орынбасарымен кездесу өтті

Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының орынбасарымен кездесу өтті

17 наурызда Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының орынбасары Б. Ибрашевпен кездесу өтті.
Кездесу барысында Б. Ибрашев департамент қызметкерлеріне мінсіз бедел институтын енгізу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау талаптары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы баяндады.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметте адалдық қағидаттарын нығайтуға және құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.