
2026 жылғы 10 ақпанда Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдары» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Іс-шара барысында:
• Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат басқармасының басшысы Уәлихан Нұрмахамбетұлы Курамаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың практикалық тетіктері туралы баяндады.
• Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мұрат Талғатұлы заң талаптарын сақтаудың негізі ретінде әдеп нормаларын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.
• Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Персоналды дамыту және басқару департаментінің Ынталандыру және тәртіптік іс жүргізу басқармасының басшысы Бота Саматқызы Кожина құқық бұзушылықтар үшін қолданылатын жаза, жауапкершілік және оның салдары туралы сөз сөйледі.
Семинар қатысушылардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жөніндегі ақпараттылығын арттыруға және әдеп нормаларын нығайтуға ықпал етті.