2027 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын лицензиялау басталады.Аталған жұмыстарға дайындық жұмыстары аясында 2026 жылдың 5 ақпан күні департамент басшысы З.Б.Гумарова мен лицензиялау бөлімінің басшысы С.М.Жумагереев аудандық (қалалық) әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, мемлекеттік және жеке мектепке дейінгі ұйым басшыларымен өткізілген семинар- кеңеске қатысты.
Департамент қызметкерлері "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 27 қарашадағы № 268 бұйрығы талаптарын түсіндірді.
Түсіндіру жұмыстары жалғастырылатын болады.