Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» республикалық тамыз кеңесі аясында өткен секциялаға лицензилау бөлімінің басшысы С. Жумагереев қатысты

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» республикалық тамыз кеңесі аясында өткен секциялаға лицензилау бөлімінің басшысы С. Жумагереев қатысты

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» республикалық тамыз кеңесі аясында 2025 жылғы 26 тамыз күні Орал «Сервис» технологиялық колледжінде облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының инженер-педагог қызметкерлерінің қатысыумен «Кәсіптік білім берудегі Soft skills икемді дағдылар» тақырыбында пленарлық және секциялық отырыстар өтті.

Педагогтердің кәсіби дағдыларын қалыптастыру, білім беру сапасын арттыру мәселелері туралы ой қозғау, іс-тәжірибемен бөлісу мақсатында ұйымдастырылған кеңесте техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын лицензиялау тәртібі мен талаптары, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық, АИТВ-инфекциясын алдын алу және психологиялық қолдау көрсету, еңбекке баулы сынды тәрбиенің маңызды бағыттары қаралып, талқыланды.

Пленарлық отырыста Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы С.Жумагереев «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын лицензиялау тәртібі мен талаптары» тақырыбында баяндама жасады.

Колледждерді лицензиялау тәртібі мәселесіне қатысты кеңеске қатысушылар көптеген сұрақтар қойып, лицензиялық талаптары қызу талқыға түсті.

Интерактивті шеберханалар, ой қозғау, топтық жұмыстар, үздік мамандардың, баяндамашылардың дәрістері  педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді, колледждерді лицензиялық талаптарға сәйкестендіруге, болашақ мамандарды еңбек нарығына бейімдеуге бағытталды.

Кезекті тәжірибе алаңында үздік тәжірибелер таралды, педагогтердің soft skills құзыреттілігін арттыруға, колледждерді лицензиялық талаптарға сәйкестендіруге бағытталған ұсыныстар жеткізілді, білім сапасын арттырудың жаңа жолдары айқындалды.