Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!
Бүгін, кәсіби мерекеге орай — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне байланысты, Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зауре Гумарова ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың атынан алғыс хаттар табыстады:
✅ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне
✅ білім басқармасының баспасөз қызметіне
✅ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы филиалының қызметкерлеріне
🎉 Бұл марапаттар — кәсіби біліктілікті, тиімді ынтымақтастықты және білім беру саласындағы ақпараттық ашықтыққа қосқан үлесті мойындау белгісі.
Бірлесе атқарған жұмыстарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
📍 Мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, шынайы ақпарат және кәсіби жетістіктер тілейміз!