Меню
Страницы

Департамент басшысы білім басқармасының алқа отырысында баяндама жасады

Департамент басшысы білім басқармасының алқа отырысында баяндама жасады

2025 жылғы 30 желтоқсанда департамент басшысы З.Гумарова білім басқармасы алқа отырысында 2025 жылғы бақылау шараларының қорытындылары туралы баяндама жасады.

Есепті жылдың ішінде департаментпен 886 бақылау шарасы өткізілді, оның ішінде білім беруді басқары органдарына қатысты 4 жоспарлы тексеру (Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 59-1 бабына сәйкес) және 5 жоспардан тыс тексеру, соның ішінде 1 білім беру бөлімі мен 4 білім беру ұйымы. Сондай-ақ 2025 жылы білім беру мониторингтері және 17 лицензия алу алды бақылаулар жүргізілді.

Сонымен қатар, 138 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаумен қамтылды, оның ішінде 48 бала бақша және 90 мектеп. Аттестаттау қорытындысы бойынша 3 мектеп және 2 бөбекжай бірінші кезектен аттестаталды. Алайда, тестілеу нәтижелері бойынша 2 мектеп белгіленген межелі деңгейге жете алмады.

Департамент басшысы баяндамада әдістемелік жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті, өйткені оның сапасы білім ұйымдарының аттестаттау нәтижелеріне тікелей әсер етеді.

Жоспарлы тексерулердің нәтижелері білім беру ұйымдарының жұмысын талдауда жүйелі тәсіл қажет екенін және анықталған мәселелер бойынша уақытылы шара қабылдау маңызды екенін көрсетті.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты