
2025 жылдың 8 тамызында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.Меңдіғалиевтің төрағалығымен білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы мәселесі бойынша кеңес өтті.
Кеңеске қатысқан департамент басшысы З.Гумарова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті әзірлеген әдістемелік ұсынымдар негізінде жүргізілген мониторинг нәтижелерін баяндады.
З.Гумарова өз сөзінде мектептердің материалдық-техникалық базасына, қауіпсіздік шараларына, санитариялық-гигиеналық жағдайына, педагог кадрлармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтылуына тоқталып, нақты ұсынымдар берді.