Жетісу облысы бойынша оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталды
2025 жылдың 7 сәуірден бастап Жетісу облысының мектептерінде оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) басталды. Оған облыстың 120 орта білім беру ұйымдарындағы 4 және 9 сыныптардың оқушылары қатысады. Мониторинг оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бағыттарына бойынша компьютерлік кешенді тестілеу түрінде өтеді. Жетісу облысында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі 7-30 сәуір аралығында өтеді.
Анықтама: ББЖМ нәтижелері тек диагностикалық болып табылады.