«Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 200 қаулысының негізгі ережелерімен таныстыру мақсатында кеңес өткізілді

«Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 200 қаулысының негізгі ережелерімен таныстыру мақсатында кеңес өткізілді

Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысы А. Башаров Департамент қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың» негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кеңес өткізді.

Кеңес барысында құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған халықаралық тәжірибелер талқыланды. Атап айтқанда, заң үстемдігін қамтамасыз ету, адам құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру қоғамда заңға құрмет пен құқықтық сананы қалыптастырудың маңызды шарттары екені айтылды.

Сондай-ақ тұжырымдаманың негізгі қағидаттары ретінде заң үстемдігі, ашықтық, адам құқықтарын құрметтеу, қоғамның қатысуын қамтамасыз ету, ұлттық ерекшеліктерді ескеру және сараланған тәсіл айқындалғаны атап өтілді. Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде халықтың құқықтық сауаттылығы артып, құқық бұзушылықтардың деңгейі төмендеп, мемлекеттік институттарға деген сенімнің күшеюі күтілетіні жеткізілді.