Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері еліміздегі «Үздік 100 мектептің» қатарына енген Панфилов ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, Текелі қаласы №4 орта мектеп, Сарқан ауданы Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі, Алакөл ауданы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ мектеп-гиназиясы, Көксу ауданы Биғайша Құндақбаева атындағы №1 орта мектептің «Мектебім, саған мың алғыс!» атты 2024-2025 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты лездемесіне қатысты. Мектеп ұжымына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев атынан оқу-ағарту саласының дамуына қосқан өлшеусіз еңбектері үшін алғыс білдіріп «ҮЗДІК МЕКТЕП-2025» марапаты табысталды.