Педагогикалық әдеп және педагогтың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган

Педагогикалық әдеп және педагогтың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган

Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) жанында педагогикалық әдеп және педагог құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – ККО) жұмыс істейді. ККО шешімдері ұсынымдық сипатта болады. ККО педагогикалық этика және педагог құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік жұртшылығының өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

ККО өз қызметін жүзеге асыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген Педагогикалық әдеп қағидаларын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

Педагогикалық этика және педагог құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ККО-ның негізгі міндеттері:

  • «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және педагогикалық әдеп ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету;
  • педагогикалық әдеп нормаларының бұзылуын алдын алуға бағытталған ұсынымдар әзірлеу;
  • қоғамда педагог мәртебесін арттыруға және нығайтуға бағытталған қызметті жүзеге асыру.

2022 жылы Педагогикалық әдеп және педагогтердің құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік-кеңесші органның жұмыс жоспарына сәйкес 5 отырыс өткізіліп, 19 мәселе қаралды. 10 аудандық білім бөлімі басшыларының есептері тыңдалды.

    Қаралған мәселелер бойынша білім беру ұйымдарының басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдар беріліп, 9 білім беру ұйымының басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2023 жылғы І тоқсанда Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанынан құрылған Педагогикалық әдеп және педагогтің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші органымен 2 отырыс өткізілді.

Нәтижесінде Тараз қаласы  білім беру ұйымы басшысының Педагогикалық әдеп нормаларын бұзу фактісі қаралып, ҚР Білім және ғылым министірінің №190 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп қағидалары» 3-тарау 7-тармағы 4), 9) тармақшалары және 10-тармағының негізінде қолданыстағы Заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау туралы ұсыныс берілді.