
2026 жылғы 11-13 ақпан аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында ALEM TECH FEST 2026 фестивалі өтеді. Бұл — Қазақстан мен Орталық Азиядағы робототехника, жасанды интеллект, STEM және инженерлік шығармашылық бағытындағы ең ірі іс-шара. 15 000 шаршы метр аумақта Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Гонконг және Вьетнамнан келген шамамен 5000-нан астам қатысушы өз жобаларын ұсынады.