
Жаңа оқу жылына дайындық тек қана жөндеу жұмыстары мен кабинеттерді жабдықтаумен шектелмейді, ол оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы білім алуына толық жағдай жасауды көздейді. Осы мақсатта жүргізілген мониторинг барысында пән кабинеттерінің жабдықталуы, асхананың санитарлық талаптарға сәйкестігі, бейнебақылау мен өртке қарсы жүйелердің жұмыс істеуі, интернеттің қолжетімділігі, спорт және шығармашылық нысандардың дайындығы, сондай-ақ инклюзивті білім беруге арналған мүмкіндіктер мен жылыту жүйесінің дайындығы жан-жақты бағаланды. Сонымен қатар мектеп ғимараттарында жүргізіліп жатқан құрылыс және жөндеу жұмыстарының нақты барысы қаралып, орындалу мерзімдері мен сапасы тексерілді.