Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың дайындығын тексеру мақсатында іріктелген мекемелерге мониторинг жүргізді

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың дайындығын тексеру мақсатында іріктелген мекемелерге мониторинг жүргізді

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың дайындығын тексеру мақсатында іріктелген мекемелерге мониторинг жүргізуді тапсырды.

Осыған сәйкес, Жамбыл облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлы, облыстық бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Дәурен Бағжанов және департамент қызметкерлері 2025 жылғы 12 тамыз күні Жамбыл облысы, Тараз қаласында орналасқан Облыстық жасөспірімдер үйінде және «Үміт» мамандандырылған бөбектер үйінде кешенді мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, санитариялық-гигиеналық жағдай, асхана мен тағам сапасы, тұрмыстық-техникалық жағдай, спорт және ойын бөлмелерінің жабдықталуы, сондай-ақ өзге де нормативтік талаптардың сақталуы талданды.

Сонымен қатар, ұйымдардағы балалардың тұрмыстық және әлеуметтік жағдайы, білім алу мен бос уақытын өткізуге арналған жағдайлар, мәдени-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Жүргізілген мониторингтің негізгі мақсаты – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, ұйымдардың материалдық-техникалық базасының жай-күйін анықтау және қызмет сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Мониторинг нәтижелері бойынша мәліметтер жиынтық кестеге енгізіліп, белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне жолданатын болады.