Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды алу үшін талап етіліетін құжаттардың тізбесі

Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды алу үшін талап етіліетін құжаттардың тізбесі
Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» мемлекеттік қызметі - «Е-Лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы рәсімделеді (электронды түрде).
Білім беру қызметіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 және 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрықтары басшылыққа алынады.
№ 483 бұйрыққа сәйкес заңды тұлға «Е-Лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы сұрау салады.
Бас лицензия алу кезінде 10 он айлық есептік көрсеткішімен лицензиялық алым төленеді. Лицензияға қосымшаларды алуда лицензиялық алым төленбейді.
Сондай-ақ, №473 бұйрыққа сәйкес лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды алуға келесі құжаттардың тізбесі талап етіледі.
Атап айтқанда:
- Білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері:
1-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагог, оқытушы және басшы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер;
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу, көркем және ғылыми әдебиет қорының болуы туралы мәліметтер;
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметке берілген лицензия туралы немесе балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымымен шарт жасалған жағдайда, білім беру ұйымын өндірістік база ретінде көрсете отырып, лицензияға қосымшаның болуы;
4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тамақтандыру объектісінің және тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының, білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету шартының көшірмесінің болуы;
5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншік немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалға алу шартының көшірмелері, оның ішінде объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі.
Әрбір ғимаратқа (оқу корпусына), санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі. өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне бақылау объектісіне бару арқылы профилақтикалық бақылау немесе тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесі.
Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдары үшін өрт аудитінің қорытындысы, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтың көшірмелері, эвакуациялау жоспары, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз көлемі.
5, 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлардың, білім беру ұйымдарында бейнекамералардың болуы;
8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтер мен басшы кадрлардың пәннің бейініне, білім беру бағдарламаларына сәйкес біліктілігін арттыруы, қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер.
 
https://www.facebook.com/share/p/1Cbw5wF8ah/