28 маусым Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Жамбыл өңірінің журналистері мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне өз құттықтауларын жеткізді.
Құттықтау сөзінде журналистері мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын халыққа түсіндіруге және қоғамда ашық пікір алаңын қалыптастыруға қосқан үлестерін ерекше атап өтті.
Білім беру жүйесін дамытуға бағытталған бастамаларды жан-жақты ақпараттандырудағы азаматтық белсенділіктері мен ерен еңбектері үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар, қоғам мүддесіне қызмет етудегі жауапты еңбектерінің әрдайым жоғары бағалануын атап өтті.
Құрметпен, Ғани Бейсембаев