“Жайлы мектеп” ұлттық жобасы

“Жайлы мектеп” ұлттық жобасы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім беру саласына қосқан зор үлесінің бір көрінісі ретінде, “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептер, білімге құштар жастарды қарсы алуды.

Жаңа мектеп – жаңа мүмкіндіктер. Заманауи талаптарға сай жабдықталған сыныптар, зертханалар, түрлі үйірмелер, спорт залдары оқушылардың сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына толық жағдай жасайды. Мұнда әрбір бала өз қабілетін ашып, армандарына жетелеуге мүмкіндік алады.

Мектептің басты ұстанымы – әр оқушыға жеке көзқарас таныту және олардың білім алуына барлық қажетті жағдайды жасау. Заманауи технологиялар мен әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, мектеп оқушыларының білім деңгейін жоғарылату, оларға практикалық дағдылар мен әлеуметтік жауапкершілік тәрбиелеу басты мақсаттардың бірі болып табылады.

2024-2025 оқу жылында Облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 4 мектеп ашылды. Оның біреуі Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылында орналасса, 3 мектеп Тараз қаласында жұмыс істеуде.

Жоба білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі – оқушы орнының тапшылығын, үш ауысымды оқытуды және мектептердің апатты жағдайын шешуге бағытталған.

Биыл тағы да 3 «Жайлы мектеп» - Тараз қаласындағы Шөлдала алқабында - 1, Қордай ауданында 2 мектеп ашылады деп күтілуде.

Мектеп ең озық технологиялармен жарақтандырылған. Оқушылардың қауіпсіз білім алуына барлық жағдайлар жасалған.

Мұндағы мақсат - қала мен ауыл мектептері оқушыларының білім сапасындағы алшақтықтықты жою.