Орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша әдістемелік ұсынымдар. Шығыс Қазақстан облысы

Орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша әдістемелік ұсынымдар. Шығыс Қазақстан облысы


Қазіргі әлемдік білім беру жүйелері оқушылардың оқу
жетістіктерін объективті бағалауды қамтамасыз ететін ұлттық сыртқы бағалау құралдарын белсенді
түрде пайдаланады. Ұлттық сыртқы бағалау оқушылардың білім беру стандарттарын меңгеру деңгейін
анықтауға және оқу процесін жетілдіру бойынша ғылыми негізделген шешімдер қабылдауға ықпал етеді.
Қазақстанда білім сапасын мониторингтік зерттеулер 2005 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бағалау
құралдарының Мемлекеттік аралық бақылаудан (МАБ) Білім алушылардың білім жетістіктеріне
мониторингіне (ББЖМ) дейінгі елеулі өзгерістері қиындыққа тап болған мектептерге әдістемелік қолдау
көрсетуге назар аударуға мүмкіндік берді. ББЖМ аясында оқушылардың оқу, математикалық және
жаратылыстану-ғылыми сауаттылық деңгейі өлшеніп, сонымен қатар білім беру процесіне қатысушылардан
сауалнама алынады, бұл білім беру нәтижелеріне әсер ететін факторларды анықтауға бағытталған.
Процедуралар мен құралдарды, соның ішінде баллдарды шкалалау жүйесін енгізуді үнемі жаңартып отыру
бұл бағалау құралының сенімділігі мен объективтілігін арттыруға мүмкіндік береді. ББЖМ ұлттық білім
беру жүйесінің маңызды механизмі болып табылады, оның мақсаты – білім беру сапасын арттыру, төмен
нәтижелер көрсеткен мектептерді қолдау және халықаралық стандарттарға бейімделу.
ББЖМ нәтижелерін әдістемелік және аналитикалық сүйемелдеу елдегі мониторинг нәтижелерінің кешенді
талдауын дайындауды, сондай-ақ әрбір өңір үшін әдістемелік ұсынымдарды
әзірлеуді қамтиды.