Берілген есепте ББЖМ-2024 нәтижелеріне кешенді талдау ұсынылған. Есептің бірінші бөлімінде ББЖМ-2024 зерттеу тұжырымдамасы, сондай-ақ тестілеу бағыттары бойынша нәтижелер туралы ақпарат бар. Мониторинг қорытындылары әртүрлі параметрлер бойынша нәтижелерді салыстыруды қоса алғанда, өңірлер бөлінісінде талданды: білім беру ұйымдарының түрі мен орналасқан жері, 4 және 9 сынып білім алушыларының оқыту тілі, қиындық деңгейі және оқу бағдарламасының бөлімдері бөлінісінде оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша тест тапсырмалары. Сонымен қатар, есепте мониторингке қатысқан білім алушыларға, ата-аналарға, педагогтерге және білім беру ұйымдарының басшыларына жүргізілген сауалнама нәтижелерін талдау ұсынылған.
Есептің екінші бөлімі білім беру стейкхолдерлеріне арналған ұсыныстарға арналған. Атап айтқанда, оқу бағдарламасының жекелеген бөлімдері бойынша білім алушыларда анықталған қиындықтарды талдауға негізделген пән мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге ерекше назар аударылды.
Аналитикалық есеп білім беруді басқару органдарының өкілдеріне және білім беру процесінің басқа да қатысушыларына арналған.