«Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практиға»

«Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практиға»

2024 жылы 25-27 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде берілген «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру мақсатында «Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практиға» тақырыбында семинар болып өтті. Оған «Мақсатты мектеп» жобасына енген 25 нысаналы мектептің басшылары қатысты. 

27 қыркүйек семинардың үшінші күні, Шығыс Қазақстан облысының нысаналы мектептерінің басшыларына арналған «Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практикаға» оқыту семинарының үшінші күні сапаны басқару және мектепішілік бақылау тақырыптарына бағытталды. Бұл іс-шара білім беру жүйесіндегі сапаны арттырудың өзекті аспектілерін қарастыруға мүмкіндік берді.

Семинарда Шығыс Қазақстан облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы А.О.Байжановамен қызметкер О.Аханқызы сөз сөйлеп, қатысушылармен бірге білім беру мекемелерінде сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен әдістерін талқылады. Сапаны басқарудың қағидаттары мен тәсілдері кеңінен қарастырылып, білім беру процесінде олардың маңызы айқындалды.

Мониторинг пен бағалауды ұйымдастыру мәселелері де назардан тыс қалмады. Мектеп қызметін жүйелі түрде бағалау және мониторинг жүргізудің тиімді әдістері туралы ақпарат ұсынылып, қатысушыларға практикалық тәсілдер таныстырылды.

Семинар барысында мектепішілік бақылаудың міндеттері мен механизмдері туралы маңызды әңгіме өрбіді. Бақылау жүйесінің мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ мектепішілік бақылауды ұйымдастыру тәсілдері талқыланды. Мектеп басшыларына бақылаудың тиімді құралдары мен рәсімдері ұсынылды, бұл олардың жұмысына жаңа серпін беретіні анық.

Тәжірибелі спикер-директорлар Ж.А.Шаянбаева және Д.С.Журавлев табысты кейстерімен бөлісіп, мектепішілік бақылау мен сапаны басқару бойынша практикалық тәжірибелерін ұсынды. Бұл тәжірибелер қатысушыларға өз мектептерінде сапа менеджментін жетілдіруге нақты көмек көрсететін болды.

Семинар білім беруді сапалы ұйымдастыру мен мектепішілік бақылауды тиімді жүзеге асыру үшін маңызды ақпарат ұсынды. Қатысушылар білім алмасу арқылы өз тәжірибелерін байыта отырып, мектептерінің қызметін жақсарту жолында нақты қадамдар жасауға ниетті.

Семинардың соңғы талқылау сессиясында жобаға жауапты Жобалық кеңсе мүшелері жоба шеңберіндегі әрекеттерді қарастырып, сапаны арттыру бойынша атқарылатын шараларды талқылады. Қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар да берілді.

Үш күндік оқытудың қорытындысы бойынша қатысушыларға кері байланыс беріліп, сертификаттар табысталды. Бұл үш күндік оқыту семинары мектеп басшыларына өз білімдерін жаңартып, тәжірибелерін одан әрі жетілдіруге зор мүмкіндік туғызды.