2024 жылдың 12 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Серік Кеңесұлы Акишевтің төрағалығымен бақылау іс-шараларын өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Кеңеске білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттердің басшылары, сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік аттестаттау жоспарланған білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Кеңесте білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы мәселелер айтылды.
Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ағымдағы жылдың соңына дейін 89 білім беру ұйымдарында (85 мектеп және 4 колледж) мемлекеттік аттестаттауды өткізуді жоспарлаған.
Департамент қызметкерлері мемлекеттік аттестаттауды өткізуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді пайдалану және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу шаралары туралы семинарлар өткізілді.