«DIGITAL KAZAKHSTAN: жаңа замандағы білім беру»

«DIGITAL KAZAKHSTAN: жаңа замандағы білім беру»

2024 жылғы 16 тамызда Шығыс Қазақстан облысының білім беру қызметкерлерінің жалпы тамыз кеңесі өтті. Кеңесте «DIGITAL KAZAKHSTAN: жаңа замандағы білім беру» тақырыбы аясында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы мәселелері қаралды.

Кеңеске қатысушыларды бейнеүндеу форматында оқу жылының басталуымен оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы құттықтады.

Оқу-ағарту министрілігінің өкілі ретінде Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы А.О.Байжанова  «Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы»  ақпаратпен бөлісті.

ШҚО білім басқармасының басшысы И. А. Чернышева 2023-2024 жылдың қорытындыларымен және жаңа 2024-2025 оқу жылына педагогикалық қауымның алдына қойылған міндеттермен таныстырды.

Педагогтер алдында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры-басқарма төрағасы С. Ж. Рахметуллина жасанды интеллект технологияларын меңгерген мамандарды даярлау туралы сөз сөйледі.

Шығыс Қазақстан облысы білім алушыларының әлеуетін дамытуда цифрлық технологияларды қолдану туралы ШҚО ББ «Дарын» дарындылықты және қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Г.Б. Рахимжанова мәлімдеді.

Тамыз кеңесінің 2- ші бөлімі Оқу-ағарту министрлігінің марапаттарымен облыс педагогтерін марапаттау рәсімімен басталды.

Марапаттауда   7 педагог-ардагер «Еңбек ардагері» медалімен, 8 педагог «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, 6 педагог «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен, 27 педагог грамоталармен және дипломдармен, 13 мұғалім ҚР ОАМ алғыс хаттарымен марапатталды.

Дәстүрлі тамыз кеңесінің соңында облыс әкімінің м.а. Н.А. Сақтағанов білім басқармасына және қалалар мен аудандардың әкімдеріне өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде тапсырмалар берді.

Пленарлық отырысқа Шығыс Қазақстан облысы әкімінің м.а. Н.А. Сақтағанов, ҚР ОАМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің ШҚО білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы А. О. Байжанова, аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, педагогтер, әлеуметтік серіктестер, ЖОО ректорлары, ата-аналар, қоғамдық және БАҚ өкілдері қатысты.